Алматы облысында әйел адам төрт баласын жалдамалы пәтерге тастап кеткен, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еңбекшіқазақ ауданының қамқоршылық органы төрт баланы аудандық ауруханаға жеткізді. Балалардың жалғыз қалғаны туралы көршілері аудандық білім бөліміне хабарлаған.
"Кеше кешкісін білім бөлімінің қызметкерлері төрт баланы алып келді: үш қыз және бір бала. Ең үлкені 2010 жылғы, ал кішісі 2017 жылы туған. Балалардың жағдайы жақсы, бірақ олар күтілмеген", — деді аудандық аурухананың бас дәрігері Болат Балақойшиев.
Аудандық әкімдіктегілер балалардың анасы іздестіріліп жатқанын және оның мұндай қадамға неліктен барғанын анықтау шаралары жүріп жатқанын айтты.