Caravan Logo

Алматы облысында әйелді аса қатыгездікпен өлтірген 22 жастағы жігіт ұсталды

Алматы облысында әйелді аса қатыгездікпен өлтірген 22 жастағы жігіт ұсталды

Сарапшылар марқұмның денесінен 16 пышақ жарақатын санады.

Жуырда Қарасай АІІБ-нің қызметкерлері бұл қылмысқа қатысы бар күдіктіні анықтады - 22 жастағы Түлкібас ауданының тұрғынын Алматы облысының полицейлері Шымкентте ұстады.

Қазіргі уақытта күдікті қылмысын мойындады және қамауға алынды. Анықталғандай, әйел онымен жыныстық қатынаста болғаннан кейін, полицияға өзін зорлағандығы туралы шағымданамын деп қорқытқан-мыс. Оқиғаның мән-жайы кісі өлтіру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу кезінде анықталатын болады.