Алматы облысында алдағы күндерде температура минус 12 - 17 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде - Қазгидромет - kaz.caravan.kz
  • $ 507.07
  • 572.53
+18 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында алдағы күндерде температура минус 12 - 17 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде - Қазгидромет

Алматы облысында алдағы күндерде температура минус 12 - 17 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде - Қазгидромет

Астана. 1 желтоқсан. "Қазақстан бүгін"- Алматы облысында алдағы күндерде температура минус 12 - 17 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 1 Желтоқсан 2008
  • 600
Фото - Caravan.kz

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 1 — 3 желтоқсанда түнде ауаның температурасы Солтүстік Қазақстан облысында минус 18 — 23, кей жерлерде минус 23 — 28 градусқа дейін; Ақмола облысында минус 10 — 15-тен 15 — 20, кей жерлерде 23 — 28 градус аязға дейін; Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында — минус 10 — 15-тен 18 — 23, кей жерлерде 25 — 30 градусқа дейін аяз, Қарағанды облысында — минус 8 — 13-тен 13 — 18, кей жерлерде 23 — 28 градус аяз, Қостанай облысында минус 12 — 17, кей жерлерде 20 градус аяз; 2-3 желтоқсанда Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында температура кей жерлерде минус 10 — 15 градусқа, Жамбыл және Алматы облыстарында — кей жерлерде 12 — 17 градус аязға дейін суытады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті