Алматы облысында алдын ала "энтеровирусты инфекция" диагнозы қойылған науқас тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында алдын ала "энтеровирусты инфекция" диагнозы қойылған науқас  тіркелді

Алматы облысында алдын ала "энтеровирусты инфекция" диагнозы қойылған науқас тіркелді

Астана. 19 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысының Алакөл ауданында алдын ала "энтеровирусты инфекция" диагнозы қойылған науқас тіркелді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасай отырып.

  • 19 Мамыр 2008
  • 1016
Фото - Caravan.kz

«Алматы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, Алматы облысында Алакөл ауданында 16 мамыр күні күндізгі сағат 12.00-де алдын ала «энтеровирусты инфекция» диагнозы қойылған Қазақстанға ағымдағы жылдың 26 сәуірінде келген Қытай Халық Республикасының тұрғыны тіркелді», — деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.

Министрлікте атап көрсеткендей, қазіргі уақытта науқас Алакөл ауданының инфекциялық бөлімінің арнайы боксына жатқызылған. Оны жеке медициналық қызметкерлер күтетін болады. Індетке қарсы шаралар мен зертханалық зерттеулер жүргізілуде. Науқастың қатынасқан адамдары анықталу үстінде. Сондай-ақ, халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Аталмыш оқиға жайында облыс басшылығы хабарландырылды. Бірлескен індеттің алдын алу және таралуына жол бермеу шаралары жасалуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті