Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, олардың ішінде екі түлек ең жоғары — 125 балды жинады. Олар — Жамбыл ауданындағы Ә.Бейсеуов атындағы орта мектептің түлегі Нұрдәулет Әбілов пен Талдықорған қаласындағы М.Ломоносов атындағы №5 мектептің түлегі Әнел Еженова.
Облыс оқушылары соңғы бес жыл бойы республикалық және халықаралық білім жарыстарында үздік нәтижелер көрсетіп келеді. Облыстың жас дарындары жылдың басынан бері түрлі жарыстардан 154 медаль қанжығалап қайтты.