Алматы облысында апат салдарынан бір адам мерт болып, төрт адам жарақаттанды - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында апат салдарынан бір адам мерт болып, төрт адам жарақаттанды

Алматы облысында апат салдарынан бір адам мерт болып, төрт адам жарақаттанды

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында Алматы-Көкпек-Көктал автожолының 62-шақырымында 4-желтоқсан күні 17 сағат 40 минутта "Ауди-100" автокөлігінің жүргізушісі "ВАЗ-2107" автокөлігімен соқтығысып қалды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 5 Желтоқсан 2003
  • 415
Фото - Caravan.kz

Агенттік мәліметтеріне сәйкес, апат салдарынан «Ауди-100» автокөлігінде отырған бір жолаушы әйел оқиға орнында мерт болып, осы көліктегі 4 жолаушы, соның ішінде 4 жастағы бала түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.