Алматы облысында апатқа ұшыраған Су-27 ұшағын іздестіру шаралары (ФОТО) - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында апатқа ұшыраған Су-27 ұшағын іздестіру шаралары (ФОТО)

Алматы облысында апатқа ұшыраған Су-27 ұшағын іздестіру шаралары (ФОТО)

Оқу-жаттығу ұшуларын жүргізу кезінде апатқа ұшыраған әскери Су-27 ұшағын іздеуге әскери авиацияның 4 тікұшағы мен 10 іздеу тобы жұмылдырылды.

  • 25 Қыркүйек 2014
  • 810
Фото - Caravan.kz

Еске сала кетейік, Алматы облысында әскери ұшақ 2014 жылдың 23 қыркүйегінде түнде апатқа ұшырады. Экипаж — подполковник Науанов Е.Ж. мен подполковник Горбунов Д.И. Әуе апатының себептерін анықтау үшін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды, деп мәлім етті ҚР Қорғаныс министрлігінен.

Іздеу жұмыстарының барысында ұшақтың құлаған орны табылды, кейінірек ұшқыштар подполковник Ерлан Науанов пен подполковник Денис Горбунов мәйіттерінің фрагменттері табылғандығы хабарланды.

24 қыркүйекте Астанада өткен баспасөз мәслихатында генерал-майор, ҚР Қарулы күштерінің әуе қорғанысы бас қолбасшысының бірінші орынбасары Марат Уашпаев: «болған жағдайға байланысты алдын ала болжамды әзірге айта алмаймын. Комиссияның нәтижесі бойынша ол кейіннен қосымша жарияланады. Қазіргі уақытта барлық нұсқалар қаралып жатыр, соның ішінде техниканың істен шығуы және адам факторы» деп мәлім етті.
2

Марат Уашпаев ұшуды басқару жетекшілерімен байланыстың болмауы салдарынан іздеп-құтқару командасын, сонымен бірге ҰҚК Шекара қызметінің іздеп-құтқару қызметін МИ-171тікұшағымен көтеруге тура келгенін атап өтті.

«Іздеу нәтижесінде Көксу елді мекенінің маңынан ұшақтың құлау орны табылды. Тікұшақ сол жерге қонды. Олар оқиға орнын қараған соң, ұшақ құлаған деген шешімге келді. Оның қалдықтары құлаған жерден 500 метрден астам аумаққа шашылған», — деді ол.


Сонымен бірге баспасөз мәслихатында Марат Уашпаев ҚР Қорғаныс министрлігінің Алматы облысындағы әуе апатына байланысты  Су-27 ұшақтарын пайдалануды уақытша тоқтатқанын хабарлады.

«Ұшақ 1987 жылдан бері пайдаланылып келеді. Бұл ұшақтарды осы күні болған жағдайдың себептері анықталғанша пайдалану тоқтатылды», — деді ол.

М.Уашпаев ұшақ құлаған жерге өтудің ауыр екендігін атап өтті. Іздеу шаралары «осы жерге жетудің аса күрделі болуына» байланысты қиындаған, елді мекеннің бір шағы батпақ болса, бір жағы — шөл дала. 

3