Министрліктің түсініктемесіне сәйкес, 16-тамызда Қосөзен ауылындағы «Малахит» саяжай қоғамының тұрғындары 1943-1945-жылдары жасалған 22 мм-лік калибрлі артиллериялық снарядты даладан тауып алып, аулаға әкелген. Абайсыздық салдарынан снаряд жарылып, бір адам оқиға орнында мерт болса, тағы біреуі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.