Алматы облысында аудандық полиция ғимараты өртеніп кете жаздады (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында аудандық полиция ғимараты өртеніп кете жаздады (ВИДЕО)

Алматы облысында аудандық полиция ғимараты өртеніп кете жаздады (ВИДЕО)

Талғарда аудандық полиция басқармасы ғимаратынан өрт шықты.

  • 13 Ақпан 2022
  • 12
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция ғимаратындағы өртті сөндіру сәтінің видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды. Автор екінші қабаттағы терезеден шыққан жалынды түсіріп алған. Өрт сөндірушінің ғимаратқа кіруге тырысқан кезі де видеода көрсетіледі.

Алматы облыстық полициясы таратылып жатқан ақпаратты растады. Ведомствода қызметтік кабинеттердің бірінен 12 ақпан сағат 14.55 шамасында өрт шыққанын айтты. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

"Өрт жергілікті өртке қарсы қызмет күшімен 25 минут ішінде ауыздықталды. Жалынның одан әрі таралуына жол берілген жоқ. Қызметтік құжаттар бүлінбеді. Өрттің салдары жойылады", — деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Видео осы сілтемеде: https://www.instagram.com/p/CZ4SM4jAlDW/

Соңғы жаңалықтар