Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 27 желтоқсан күні сағат 21.40 шамасында Жамбыл ауданында – Самсы мен Ақтерек ауылдарының арасында болды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жол ережесін бұзған жеңіл көлікте алты адам болғаны анықталып отыр. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, "Алматы-Бішкек" тасжолының 108-ші шақырымында Mercedes-Benz көлігінің 25 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Van Hool автобусымен соқтығысқан.
"Mercedes-те болған үш адам оқиға орнында көз жұмды. Шетел көлігінің қалған үш жолаушысы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды", — деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті.
Сондай-ақ ведомство жол апатынан рейстік автобустағы жолаушылар зардап шекпегенін атап өтті.