Алматы облысында автобус жүргізушілері бас көтерді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында автобус жүргізушілері бас көтерді

Алматы облысында автобус жүргізушілері бас көтерді

Алматы облысында автобус жүргізушілері бас көтерді. Наразылық білдірген Қаскелеңге қарасты автопарктің қызметкерлері. Айтуларынша, басшылық бағыт кестесін бекітіп беру үшін әрқайсысынан 75 мың теңгеден сұраған. «Берсең қаласың, бермесең кетесің» деген талаппен. Ал автобекет басшылығы бұл әрекеттерін өздерінше түсіндіргендей болды. 

  • 13 Қараша 2012
  • 463
Фото - Caravan.kz

Бүгін Алматы іргесіндегі Жандосов ауылынан қалаға қатынайтын №335-ші бағыттағы қоғамдық көлік жұмысын түгел тоқтатты. Жалпы саны-26 автобус. Оған себеп басшылық жаңа ереже шығарып, «бағыт кестесі үшін 75 мың теңгеден төлейсіңдер» деп жатыр. 

Арлыбек Кеңесбекұлы, автобус жүргізушісі:

— «Маршрут сызбасы» деген бәлені шығарды. Оны бәріміз де білеміз. 5 мың теңге беретінбіз. Ал қазір 500 доллар дейді. Не үшін деп әкімшілікке барсақ: «Біз автопаркке автобус сатып алып жатырмыз», — дейді. Ал оған біздің қатысымыз қанша?

Ол аздай, жүргізушілерді Жандосовқа екі айдан бері қосымша №9 автобусты кіргізіп қойғаны да ашындырады. Табыстарына талас тудырып. «Соның кесірінен 75 мың теңге тұрмақ, апта сайынғы жоспардың өзін орындау қиынға соғуда» дейді.

Ербол Жансеріков, автобус жүргізушісі:

— 500 долларды қайдан табамыз? Қайдан? Қазір 7 мың теңге жоспардың өзін таба алмайсың. Аптасына 7 мың.

Бірақ бір дегеннен жауап беруден сескенді ме, автопарк өкілі алғашында «75 мың теңге сұрады» деген әңгімені жоққа шығарды.


— Не мәселемен?

— Мына кісілердің мәселесі жөнінде.

— Бұл кісілердің мәселесін қазір-ақ шешіп беремін!

— Неге 500 доллардан сұрап жатыр?

— Ешкім 500 доллар сұраған жоқ.

Бірақ кейін барлығын растады. Айтуынша, бұл жүгенсіз кеткен жүргізушілерді ақшасын қиып, тәртіпке шақырудың әдісі екен. Әрі бағыт жоспары үшін төлететін кепіл ақша.  

Асанбек Садырбеков, автопарк өкілі:

— 75 мың теңге дегеніңіз кепіл. Не үшін болғанда, куәлік ретінде.  Тәртіп үшін. Шуламаңыздар! 75 мың теңге ертеңгі күні жұмыстан қайтатын болса, қайтарылып беріледі. Сол үшін істелінген зат. 3 айдың ішінде 3 жылға әкеп бересіңдер, құжат жоғалып кетпесін деп.

Әйтсе де, ұзақ тартыстан кейін екі тарап өзара шешімге келгендей болды. Тәртіп түзелсе, 75 мың теңге төленбейтін болды.

Соңғы жаңалықтар