Апат Іле ауданында Төңкеріс-Байсерке-Междуреченск автожолының 18-шақырымында болған. Теміржол өткелегінде «Мерседес» автокөлігінің жүргізушісі жүк поезымен соқтығысып қалды. Апат салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы ауруханаға жеткізілді. Соңынан жолаушы әйел жарақат салдарынан қайтыс болды.