Алматы облысында бағдарлық автобус көктайғақ салдарынан Қапал асуынан өте алмады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.93
  • 536.04
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында бағдарлық автобус көктайғақ салдарынан Қапал асуынан өте алмады

Алматы облысында бағдарлық автобус көктайғақ салдарынан Қапал асуынан өте алмады

Алматы облысындағы Алматы-Өскемен тас жолының 319-шы шақырымында кеше кешке ішінде жолаушылары бар «Мерседес» бағдарлық автобусы көктайғақ салдарынан қапал асуынан өте алмады, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.

  • 24 Желтоқсан 2012
  • 253
Фото - Caravan.kz

Алматы облыстық ТЖД қызметкерлері мен техникасының күшімен 11 жолаушы Талдықорған қаласына жеткізіліп, ондағы «АКЛ» қонақүйіне орналастырылды, 13 жолаушы жол-жөнекей көлікпен Талдықорған қаласына кетті, 6 жолаушы көмектен бас тартып, автобустың ішінде қалды. Зардап шеккендер жоқ.

Шығыс Қазақстан облысында сағат 11:30-да «Семей-Қайнар» тас жолының 40-шы шақырымында 50 жүк және 10 жеңіл көлік қар құрсауында қалды. «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары» ММ мен «Қазақавтожол» РМК-ның күшімен жол тазартылып, барлық көліктер қозғалысын жалғастырды.

ШҚО-ғы Самар ауданының Алғабас кентінде 7 көлік пен 19 адам, соның ішінде 4 бала қар құрсауында қалды. Шығыс аймақтық аэромобильдік жедел құтқару жасағының күшімен барлық көліктер тіркемеленіп, Өскеменге жіберілді. Зардап шеккендер жоқ.