Жарияланды: 270

Алматы облысында бағдарлық автобус көктайғақ салдарынан Қапал асуынан өте алмады

Алматы облысындағы Алматы-Өскемен тас жолының 319-шы шақырымында кеше кешке ішінде жолаушылары бар «Мерседес» бағдарлық автобусы көктайғақ салдарынан қапал асуынан өте алмады, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.

Алматы облыстық ТЖД қызметкерлері мен техникасының күшімен 11 жолаушы Талдықорған қаласына жеткізіліп, ондағы «АКЛ» қонақүйіне орналастырылды, 13 жолаушы жол-жөнекей көлікпен Талдықорған қаласына кетті, 6 жолаушы көмектен бас тартып, автобустың ішінде қалды. Зардап шеккендер жоқ. Шығыс Қазақстан облысында сағат 11:30-да «Семей-Қайнар» тас жолының 40-шы шақырымында 50 жүк және 10 жеңіл көлік қар құрсауында қалды. «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары» ММ мен «Қазақавтожол» РМК-ның күшімен жол тазартылып, барлық көліктер қозғалысын жалғастырды. ШҚО-ғы Самар ауданының Алғабас кентінде 7 көлік пен 19 адам, соның ішінде 4 бала қар құрсауында қалды. Шығыс аймақтық аэромобильдік жедел құтқару жасағының күшімен барлық көліктер тіркемеленіп, Өскеменге жіберілді. Зардап шеккендер жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін