Алматы облысында бала жетектеген әйелді қаққан көлік камераға түсіп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында бала жетектеген әйелді қаққан көлік камераға түсіп қалды

Алматы облысында бала жетектеген әйелді қаққан көлік камераға түсіп қалды

Алматы облысында жүйткіген көлік бала жетектеген әйелді тура жаяу жүргіншілер жолағында қағып кетті. Қатты соққыдан екеуі де бірнеше метр жерге ұшып кеткен.

  • 28 Қазан 2015
  • 215
Фото - Caravan.kz

Жол апаты Өтеген батыр кентінде болды. Бақылау камерасына түсіп қалған мына кадрларда BMW иесінің жаяулар жолағында қаннен-қаперсіз келе жатқан әйел мен бүлдіршінді қатты келіп соққаны анық көрініп тұр. Оңбай жараланған 63 жастағы тұрғын мен 6 жасар қыз өмір мен өлім арасында жатыр. Ал жолақтың бар екенін әрі басқа көліктердің тоқтап тұрғанын көрсе де жылдамдықты азайтпаған BMW-ның 21 жастағы жүргізушісі қазір тергеушілерге жауап беруде. 

Соңғы жаңалықтар