Жарияланды: 350

Алматы облысында балалар үйінің директоры демеушілік ақшаны өз мүддесі үшін пайдаланған

Үштөбе балалар үйінің директоры шетелдік меценаттан балалар мекемесіндегі тәрбиеленушілердің өмірін жақсарту үшін бөлген 500 АҚШ доллары көлеміндегі демеушілік көмегін алды.

Алайда, Алматы облыстық прокуратурасынан хабарлағандай, ол ақшаны есепшілік бөлімінде тіркемей, өз туысына қарызға берген. Бес айдан кейін оған қаржы полициясының қызметкерлері келген кезде ғана директор жасаған қылмысын мойындады. Қазіргі кезде Үштөбе балалар үйінің директоры қызметінен босатылды. Бұл алты жылда осындай және тағы басқа келеңсіз себептер бойынша қызметтен босатылып отырған бесінші директор екенін айту керек.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін