Жарияланды: 630

Алматы облысында балаларды қолдауға бағытталған жаңа бағдарлама өз жұмысын бастады

«БОТА» қоғамдық қорының Келісілген ақшалай жәрдемақылар (КАЖ) бағдарламасы өз жұмысын Алматы облысында бастады.

«БОТА» қорының әріптестері - 2 коммерциялық емес ұйымның топтары бенефициарларды жылдам әрі сапалы қамтуды қамтамасыз ету мақсатында бір уақытта әрекет ете бастады. Әріптес ұйымдар 2010 жылдың желтоқсан айында байқаулық негізде таңдалып алынған болатын. Облыстың солтүстік бөлігінде «Талдықорған аймақтық демократияға ықпал ету орталығы», ал оңтүстік бөлігінде «Жергілікті қауымдастықтар қоры» Есік қаласында жұмыс істейді. Ақпан айында әріптестермен КАЖ бағдарламасының елді мекендердегі алғашқы ерікті көмекшілері оқытудан өтіп, 2011 жылдың мамыр айында Алматы облысында тұратын алғашқы 2307 бенефициар бағдарламаға тіркелді. Жоспарда 2011 жылдың соңына дейін әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы 8 мың бала мен әйелді тіркеу және оларға бағдарламаны орындау үшін жағдай жасау жоспарланып отыр. Ал 2012 жылы облыстағы бенефициарлардың саны айтарлықтай көбейеді деп күтілуде. Сондай-ақ бағдарламаны іске қосумен қатар, әлеуметтік зерттеу жүргізіле бастаған. Оның мақсаты - КАЖ бағдарламасының мақсатты топтарға әсер етуін, сонымен қатар, бағдарламаның республикалық деңгейге шығу әлеуетін бағалау. «БОТА» қоры өкілдерінің айтуынша, КАЖ бағдарламасы Қазақстанның екі облысы - Қызылорда мен Ақмолада жемісті жұмыс істеуде екен. Бүгінгі таңда КАЖ бағдарламасына үш облыстан шамамен 16 мың бенефициар қатысуда. Бағдарлама шарттарын орындайтын бенефициарлар тұрақты түрде ақшалай жәрдемақылар алады. Санаттарға байланысты олар медициналық орталықтар мен мектепке дейінгі мекемелерге бару, қан аздықтың алдын алу, өмірлік машықтарды дамыту мен ерекше қажеттіліктері бар балаларға үй жағдайында күтім көрсетуді жақсарту жөніндегі тренингтерден өту сынды әртүрлі шарттарды орындаулары тиіс. КАЖ бенефициарларының санаттары: жүкті және бала емізетін әйелдер, 4-6 жас аралығындағы балалар, 16-19 жас аралығындағы жастар мен 16 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар. Бағдарлама жүзеге аса бастаған уақыттан бастап, Қазақстанда ақшалай жәрдемақы түрінде 240 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. «БОТА» қорының мақсаты - Қазақстандағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы балалар мен жастардың әл-ауқатын олардың денсаулығы, білімі мен әлеуметтік жағдайын инвестиция жасау арқылы жақсарту. Қазақстан аумағында Қордың Әлеуметтік қызметтерді қолдау, Келісілген ақшалай жәрдемақылар және Білім гранттары бағдарламалары жұмыс істейді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть