Алматы облысында барымташылықпен айналысқан шетел азаматы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.89
  • 536.32
-10 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында барымташылықпен айналысқан шетел азаматы ұсталды

Алматы облысында барымташылықпен айналысқан шетел азаматы ұсталды

Алматы облыстық полицейлері Қазақстан аумағында мал ұрлаумен айналысқан Қырғызстан азаматын қолға түсірді. Бұл туралы Алматы облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 16 Қыркүйек 2003
  • 474
Фото - Caravan.kz

Қырғызстанның Ыстықкөл облысы Түп ауданының 70 жастағы тұрғыны Райымбек ауданының Екіаша жайлауынан 270 мың теңгеге бағаланған 9 ірі қара малды ұрлады деген күдікпен ұсталды. Қазір тұтқынның қолынан ұрлыққа айғақ-заттар алынған. Қырғызстан азаматы Райымбек аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша тергеу қапасына қамалды.

Баспасөз қызметіндегілердің атап көрсетуінше, бұл — көршілес республиканың азаматтары Қазақстан аумағында барымташылықпен айнылысуға қатысты алғашқы оқиға емес. Барымташылар ұрланған ірі қара малдарды кедендік бекеттерді айналып өтіп, таулар арқылы отанына жеткізуді кәсіпке айналдырып алған.