Алматы облысында білім бөлімінің есепшісі асылып қалған - kaz.caravan.kz
  • $ 512.44
  • 593.15
+32 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында білім бөлімінің есепшісі асылып қалған

Алматы облысында білім бөлімінің есепшісі асылып қалған

Алматы облысында аудандық білім бөлімінің есепшісі суицид жасады.

  • 15 Маусым 2023
  • 71
Фото - Caravan.kz

Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, Жамбыл аудандық білім бөлімінің 43 жастағы қызметкерінің қайтыс болғаны туралы 7 маусымда белгілі болған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Аудандық полиция бөліміне 43 жастағы әйел асылып, өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлама түсті", — деп түсіндірді ведомство.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.