Кісі өлтіру оқиғасы Еңбекшіқазақ ауданының Бөлек ауылында 19-қазанда болған. Буындырып өлтіру белгілері бар әйелдің мәйіті өз үйінен табылды. Бұл қылмысқа күдікті ретінде сол ауылда тұратын 11-класс оқушысы ұсталды. Тергеу барысында ол өзінің бес жолдасымен бірге әйелді ең әуелі зорлап, сосын буындырып өлтіргендерін мойындады.
Барлығы да 16-18 жас аралығындағы күдіктілердің бәрі де орта мектепте оқиды.
Қазіргі жағдаймен олардың үшеуі уақытша тергеу абақтысында отыр. Ал қалған үшеуі ешқайда кетпеу жөнінде қолхат беріп босатылды.