Алматы облысында бір әйелді әуелі зорлап, сосын өлтіріп тастаған жасөспірімдер тобы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.58
  • 571.8
+28 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында бір әйелді  әуелі зорлап, сосын өлтіріп тастаған жасөспірімдер тобы ұсталды

Алматы облысында бір әйелді әуелі зорлап, сосын өлтіріп тастаған жасөспірімдер тобы ұсталды

Алматы облыстық полициясы 41 жастағы әйелді өлтірген жасөспірімдер тобын ізін суытпай қолға түсірді. Бұл туралы Алматы облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 20 Қазан 2003
  • 376
Фото - Caravan.kz

Кісі өлтіру оқиғасы Еңбекшіқазақ ауданының Бөлек ауылында 19-қазанда болған. Буындырып өлтіру белгілері бар әйелдің мәйіті өз үйінен табылды. Бұл қылмысқа күдікті ретінде сол ауылда тұратын 11-класс оқушысы ұсталды. Тергеу барысында ол өзінің бес жолдасымен бірге әйелді ең әуелі зорлап, сосын буындырып өлтіргендерін мойындады.

Барлығы да 16-18 жас аралығындағы күдіктілердің бәрі де орта мектепте оқиды.
Қазіргі жағдаймен олардың үшеуі уақытша тергеу абақтысында отыр. Ал қалған үшеуі ешқайда кетпеу жөнінде қолхат беріп босатылды.