Алматы облысында бір есірткі саудагері 5 килограмм апиынмен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 520.02
  • 608.79
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында бір есірткі саудагері 5 килограмм апиынмен ұсталды

Алматы облысында бір есірткі саудагері 5 килограмм апиынмен ұсталды

Алматы облысында құқық қорғау мекемесінің қызметкерлері шұғыл іздестіру шараларының нәтижесінде бір есірткі саудагерін 5 килограмм апиынмен ұстады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы облыстық ішкі істер департаментінен хабарлады.

  • 22 Шiлде 2005
  • 316
Фото - Caravan.kz

Шараға ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы, есіркі саудасымен күрес басқармасы, Алматы облыстық ішкі істер департаментінің тергеу басқармасының қызметкерлері қатысты.

Қапшағай қаласының тұрғыны Алматы-Қапшағай тас жолының 50-ші шақырымында есірткіні сату барысында қолға түсті. Сатқан апиын үшін ол 8 мың АҚШ долларын тапқан.
Осындай қылмысқа байланысты бұған дейін де істі болған тұтқын уақытша тергеу қапасына қамалды.
Қазір тәртіп сақшылары есірткі затының Алматы облысына келу жолдарын анықтауда.

Перейти к новостям спорта