Алматы облысында бір отбасының 2 баласы тоққа түсіп көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында бір отбасының 2 баласы тоққа түсіп көз жұмды

Алматы облысында бір отбасының 2 баласы тоққа түсіп көз жұмды

Тоққа түскен балалардың бірінің жасы 8-де, екіншісі 11-де болған.

  • 6 Маусым 2019
  • 28
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы  ҚазАқпарат  хабарлады.

 «Алматы облысының Жамбыл ауданының Еңбекшіарал ауылында кеше сағат 20.10 кезінде жеке тұрғын үйдің ауласында үлкендердің қарауынсыз қалған екі бала, электр сорғының тоғына соғылып, оқиға орнында көз жұмды. Баланың бірі 2008 жылғы Б. Әсембай, екіншісі 2011 жылғы Ж.Әсембай болған. Оқиға орнында түсірілген фотосуреттер бар», — деді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер ІІМ-де өткен баспасөз мәслихатында. Комитет төрағасы оқиғаның қалай болғанын айтып берді. «Алдын ала мәлімет бойынша, көз жұмған балалардың кішісі ойнап жүріп, құдықтың ішіндегі сорғының жалаңаш сымына құлап, тоққа түскен. Үлкені көмектесемін деп ол да тоққа түсіп, өкінішке қарай екі бала да мерт болды», — дейді Владимир Беккер.

 

Соңғы жаңалықтар