48 жастағы әйел мен оның 20 жастағы қызының мәйіті 5-қыркүйекте өз үйлерінен табылған. 80 жастағы осы үйдің кейуанасы да өлімші жағдайда үйден табылды. Алматыдағы ауруханаға жеткізілген әйел ес-түссіз күйде қайтыс болды.
Сарапшылар қаза тапқан әйелдердің денесінен соққының белгілерін, сондай-ақ, қылмыс құралын тапты. Қаза тапқан 48 жастағы әйелдің жұбайы күдікті деп танылды. Жәбірленушілердің туыстарының айтуынша, 45 жастағы еркек жүйке жүйесі ауруына және эпилепсияға шалдыққан көрінеді. Алайда, полиция оның тіркеуде тұрғаны туралы дәлелді құжаттарды таба алмай отыр.
Екі сағаттан кейін күдіктінің өлі денесі ауылға таяу жердегі өзеншіктің жанынан табылды.
Сот-медициналық сараптама еркектің неден өлгенін анықтауға тиіс. Ол не өзеннен өтіп бара жатқан кезде эпилепсиясы ұстап, суға тұншығып өлген , немесе, өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті