Алматы облысында бір тәулікте 13 бала коронавирус жұқтырды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында бір тәулікте 13 бала коронавирус жұқтырды

Алматы облысында бір тәулікте 13 бала коронавирус жұқтырды

Өткен тәулікте Алматы облысында коронавирус 54 адамнан анықталды, оның 13-і – 14 жасқа дейінгі балалар.

  • 7 Маусым 2021
  • 34
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды. 

«Облыс бойынша коронавирустың таралу қарқыны соңғы 2 аптада 0,4%-дан (24.05-30.05) 0,2%-ға дейін (31.05-06.06) азайды.

Ең жоғары өсу қарқыны Балқаш — 0,4%, Ескелді — 0,8%, Жамбыл — 0,3%, Карасай — 0,3%, Талғар — 0,4%, Сарқан 0,6% аудандарында байқалады. Соңғы тәулікте КВИ-дің 54 жағдайы тіркелді. Өсу қарқыны – 0,2%, оның ішінде 28 симптомдық және 26 симптомсыз жағдай. 54 деректің 13-і – 14 жасқа дейінгі балалар», — делінген Алматы облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ 7 маусымдағы жағдай бойынша, облыста індеттен барлығы 25 324 науқас жазылып шықты. Бір тәулік ішінде 21 пациент – стационардан, 9 адам үй карантинінен шығарылды.


Жалпы, пандемия басталғалы Алматы облысында коронавирустың зертханалық расталған 26 448 оқиғасы тіркелген. Оның ішінде симптомды – 16 582 науқас.