Бірінші апат Іле ауданындағы «71 разъезд» ауылында болды. Бұл жерде «БМВ-318» және «Фольксваген» автокөліктері соқтығысып қалу салдарынан екі жүргізуші мен төрт жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендер арасында 2 жасар бала да бар.
Ал екінші жол апаты Қарасай ауданында, Алматы-Бішкек тас жолының 43-ші шақырымында болды. «БМВ-520» автокөлігінің жүргізушісі жол шетіндегі қоршауды соғып кеткен. Соның салдарынан екі жолаушы оқиға орнында мерт болып, 2 және 3 жастағы екі бала жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды.