Алматы облысында болған ірі өртте 8 автокөлік жанып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында болған ірі өртте 8 автокөлік жанып кетті

Алматы облысында болған ірі өртте 8 автокөлік жанып кетті

лматы облысы Қарасай аудандағы Қырғауылды-2 ауылында техникалық қызмет көрсету орталығында болған ірі өртте 8 автокөлік жанып кетті.

  • 6 Маусым 2011
  • 361
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлады.

Келеңсіз оқиға өткен сенбі, кешкі сағат тоғыз жарымда болды. Тілсіз жау ҚР ТЖМ Алматы облысы бойынша ТЖД-ның өртке қарсы қызметінің 42 адамы мен 9 техниканың күшімен бір жарым сағатта ауыздықталды. 400 шаршы метр аумаққа жайылған өрт жөндеуде тұрған барлық 8 автокөлікті шарпыды. Абырой болғанда адам шығын жоқ.

Соңғы жаңалықтар