Алматы облысында болған жарылыстан тағы бір адам көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында болған жарылыстан тағы бір адам көз жұмды

Алматы облысында болған жарылыстан тағы бір адам көз жұмды

Алған жарақаттарының салдарынан аудандық ауруханада 1939 жылғы кейуана бақилық болды.

"Жансақтау бөліміне түскеннен кейін оған инфузиондық, регидратациондық және есеңгіреуге қарсы терапияжасалды. Дегенмен атқарылған ем шараларына қарамастан сағат 17:30-да науқас жан тапсырды", - деп мә?

  • 9 Қаңтар 2020
  • 10
Фото - Caravan.kz

"Жансақтау бөліміне түскеннен кейін оған инфузиондық, регидратациондық және есеңгіреуге қарсы терапияжасалды. Дегенмен атқарылған ем шараларына қарамастан сағат 17:30-да науқас жан тапсырды", — деп мәлімдеді Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасында. 

Жарылыс болған пәтер орналасқан көпқабатты үйдің тұрғындары уақытша басқа жаққа көшірілген. Науқастардың жағдайын біліп қайтқан Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев тұрғындармен кездесіп қайтты. 

"Алматы облысының әкімінің нұсқауымен сіздерге жан-жақты көмек көрсетіледі. Бірінші кезекте апат болған үйді тексеріп, алдағы уақытта тұру жарамдылығын анықтайтын боламыз. Содан кейін мамандармен пікірлесіп, баспаналарыңызды қалпына келтіреміз. Құрылыс мекемелері жұмыс жасауға әзір, олар бізден бұйрық күтіп отыр", — деді аудан басшысы. 

Естеріңізге салайық, бұған дейін Алматы облысында көпқабатты 
үйде жарылыс болып, бір бала көз жұмғаны айтылған
 еді.

Соңғы жаңалықтар