Алматы облысында болған жол апатынан 9 адам көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында болған жол апатынан 9 адам көз жұмды

Алматы облысында болған жол апатынан 9 адам көз жұмды

Алматы облысында 9 адамның өмірін қиған апаттың видеосы жария етілді. Таспаны куәгерлер түсірген. Ал оқиғаның өзі өткен аптада болғанын айта кетейік. 10 бала мінгесіп отырып алған жеңіл машина Талғар – Кеңдала тас жолында жүк көлігімен бетпе-бет соғылған.  

  • 4 Тамыз 2015
  • 511
Фото - Caravan.kz

Талғардан футбол ойнап, үйлеріне қайтып келе жатқан 10 бала бір көлікке тиеліп алған екен. Мұнымен қоймай, қарсы бағытпен жүйткіпті. Сөйтіп, жүк көлігімен бетпе-бет соғылған. Mitsubishi Lancer-дің жүргізушісі мен 8 жолаушысы сол жерде тіл тартпай кетті. Тағы бір жігіт пен жүк көлігіндегі 2 адам жараланған. Жас жігіттер полициядан қашқан екен деген ақпаратты тәртіп сақшыларының өзі жоққа шығарды. Дегенмен тергеу жүріп жатыр. Ал ажалдан аман қалғандардың алды бүгін үйлеріне қайтарылды. 

Бекзат Бейсенов, дәрігер-травмотолог:

— 2 ер адам жеткізілді: 1992 және 1997 жылғы. Түскен кезде жағдайлары ауыр болды. Біреуінің жарақаты бас-ми шайқалу бар, сан суырғыш сынығы, сонымен қоса ұршық буынының шығуы, түскен кезде жедел түрде буынды орнына салып бердік. Емін қабылдады, бүгін үйге шығып жатыр. Жағдайы бірқалыпты.

Соңғы жаңалықтар