Алматы облысында бюджеттік қаражаттың «рақатын» шенеуніктер көріп келіпті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында бюджеттік қаражаттың  «рақатын» шенеуніктер көріп келіпті

Алматы облысында бюджеттік қаражаттың «рақатын» шенеуніктер көріп келіпті

Миллиондаған қаржы қайда кетті? Бұл сауалға Алматы облысының әкім-қаралары жауап беруге мәжбүр. Аймақта экономикалық қылмыстардың саны азаймай отыр. Келеңсіз көрсеткіш бойынша Алматы облысы республикада алдыңғы орындардың бірінде. Бүгін облыс  басшылығы Жемқорлықпен күрес жөніндегі кеңес тарапынан қатаң сын естіді,  әсіресе мал шаруашылығын дамытуға қатысты.

  • 18 Маусым 2011
  • 505
Фото - Caravan.kz

Төлеген Ыбыраев, Мәжіліс депутаты:

—  Қыруар ақша жұмсалды. Не қора жоқ, не мал жоқ. Енді малдың түрін көрсеңіздер, барлығы  ырғайдай, биттері торғайдай!

Халық қалаулысы Бақанас елдімекені туралы айтады. Мұнда мал бордақылау алаңы салынуы тиіс еді. Қазынадан 2 жарым млрд. теңге бөлінді. Бірақ ешқандай нәтиже жоқ. Жұмысшылар уәде етілген 70 мыңдық жалақыдан әлі бірде-бір тиын алмапты. Неге десеңіз, Алматы облысында бюджетік қаражаттың рақатын шенеуніктер көреді екен. Ал ауылдағы ағайын жарықсыз күн кешіп, таза ауыз су мен түзу жол туралы армандауды да қойды.  Төрт  айдың ішінде ғана Қаржы полициясы мұнда 200-ден астам қылмысты тіркеген. Атап айтсақ, Еңбекшіқазақ ауданында салық комитетінің өкілдері өздерінше бизнес ұйымдастырып, заңсыз арақты сатқан. Ал Қаратал ауданында тұрғын үй коммуналдық саланы басқарған лауазымды тұлға жалған құжаттарға қол қойып, 24 млн. теңгеге мемлекетке шығын келтірген. «Жол картасы» мен «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламалары бойынша жеке табыс тапқандар да жоқ емес. Жемқорлардың қатарында ішкі істер органдарының өкілдері жиі кездеседі. Бірақ басым бөлігін әкімшілік қызметкерлері құрап отыр. «Нұр Отан» әшкереленген деректерді Бас прокуратураға жолдады.


Амандық Баталов
, Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары:

— Оларға біз іс-шара қолданып отырмыз, айтып жатырмыз. Кейбіреулерін жұмыстан босатып, іс қозғалып отыр. Енді оның саны өткен жылдарға қарағанда азаяды деп ойлаймын.

Соңғы жаңалықтар