Оларға мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған арендалық коттедждер берілді.
Олардың арасында жас мамандар, көпбалалы аналар, мүгедектер, бюджет саласының қызметкерлері — дәрігерлер мен мұғалімдер бар.
Әр үйдің жалпы аумағы 80 шаршы метрден астамды құрайды.
Сарқан ауданының әкімдігі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, бұл үйлердің құрылысына республикалық және жергілікті бюджеттен 80 млн.-нан астам теңге жұмсалды.