Алматы облысында эпизоотиялық шаралар өткізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында эпизоотиялық шаралар өткізілуде

Алматы облысында эпизоотиялық шаралар өткізілуде

Алматы облысында эпизоотияға қарсы шаралар өткізілуде. Бұл туралы ҚР АШМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 31 Қазан 2012
  • 393
Фото - Caravan.kz

Бұған дейін хабарланғандай, ағымдағы жылдың 15 қазанында Жаңалық ауылында, жергілікті тұрғынның ауласында 1 ірі қара мал өлімалды жағдайда анықталды. Мал үйдің ауласында сойылып, 220 келілік ет «Жаңалық» орталық қоймасына тапсырылды. Малдың еті мен ішкі құрылыстары Жаңалық ауылының тұрғындарына таратылды. Алған адамдар тіркелді.

Ағымдағы жылдың 22 қазанында Жаңалық ауылынан түйнеме белгілерімен 3 тұрғынның ауруханаға жеткізілгені туралы келіп түскен ақпараттан кейін сол күні сойылған мал етінің сынамасы алынды. Зерттеу кезінде оған қараталақ деген диагноз қойылды.

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының қызметкерлері қалған етті тәркілеп, отқа жағып жіберді.

Эпизоотиялық тексерудің нәтижесі бойынша Жаңалық ауылы ауру таралған стационарлы қосынның жанында орналасқаны анықталды.

Жайнақ ауыл округі әкімінің шешімімен 29 қазаннан бастап Жаңалық ауылында карантин жарияланды.

Сондай-ақ мамандардың тәулік бойына кезекшілігі ұйымдастырылды. Мал дәрігерлерімен малдарды індетке қарсы егу жұмыстары аяқталды. Ауру ошағы — 40 шаршы метр жер залалсыздандырылды.

Қазіргі уақытта малдардың қаталаққа шалдығуы бойынша эпизоотиялық мониторинг жалғастырылуда, оған қоса түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар