Алматы облысында екі адам көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында екі адам көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болды

Алматы облысында екі адам көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болды

Алматы облысында екі адам көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болды, тағы бір адам улану белгісімен ауруханаға түсті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 24 Желтоқсан 2003
  • 399
Фото - Caravan.kz

Қайғылы оқиға желтоқсанның 23-інен 24-іне қараған түні Іле ауданының Междуреченск ауылында болған. 23 жастағы еркек пен бір жас шамасындағы бала көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болды. 27 жастағы әйел ауруханаға жатқызылды. Төтенше жағдайға пештің ақауы себепкер болған.

Қарағанды облысының Шахтинск қаласында тағы бір бала көмірқышқыл газынан уланып мерт болды. Пәтерде шыққан өрт салдарынан 2 жасар қыз бала мен оның 30 жастағы анасы көмірқышқыл газынан уланды. Қыз бала оқиға орнында көз жұмып, әйел ауруханаға жеткізілді. Мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметі өртті 1 сағатта ауыздықтады.

Соңғы жаңалықтар