Алматы облысында екі АЭС салынады. Бұл туралы атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп жазды Caravan.kz медиа порталы sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Атом электр станциялары Жамбыл ауданында салынады. Сәтқалиевтің айтуынша, екеуі де Балқаш көлінің жағалауында бой көтереді.
«Бірінші алаң — Үлкен. Ал екінші алаң МАГАТЭ талаптарына сай анықталатын болады. Екі атом электр станциясы да Жамбыл облысында Балқаштың жағалауында салынады», — деді Сәтқалиев мәжілістегі брифингте.
Ал үшінші АЭС Абай облысында салынуы мүмкін. МАГАТЭ өз келісімін берді. Бірақ соңғы шешім әлі қабылданған жоқ. Станцияны салатын вендор да анықталмады.