Алматы облысында екі әйелді өлтірген күдікті ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында екі әйелді өлтірген күдікті ұсталды

Алматы облысында екі әйелді өлтірген күдікті ұсталды

Алматы облысында екі әйелді өлтірген күдікті ретінде 33 жастағы еркек ұсталды. Бұл туралы Алматы облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 14 Мамыр 2004
  • 368
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, облыстық Сарқанд ауданы Алмалы ауылының тұрғындары жуырда осындағы алма бағынан 36 жастағы әйелдің мәйітін тауып алған. Сот-медициналық сараптама қорытындысы әйелдің соққыдан көз жұмсғанын көрсетіп берді. Жедел тергеу тобы қылмысқа күдікті ретінде бұған дейін бірнеше мәрте сотталған 33 жастағы жігітті ұстады. Өлген әйелдің ашынасы өз кінәсін мойнына алды.

Күдіктінің аудандағы осы тақылеттес қылмыстарға қатыстылығын тексеру барысында оның тағы бір әйелдің өмірін қиғандығы анықталды. Былтырғы жылдың шілде айында күдіктінің көңілдесінің дос қызы хабар-ошарсыз жоғалып кеткен болатын. Оны да өлтіргенін мойындаған қылмыскер әйелдің мәйітін қайда жасырғанын көрсетіп берді.
Күдіктінің айтуынша, әйелдер орталарындағы бір еркекке таласып ұдайы жаңжалдасқан. Осыдан бір жыл бұрын ол әйелдердің біреуін таңдап, екіншісін өлтіріп тастаса керек. Бұдан кейін әйелмен бір жыл бірге тұрған әлгі ақыр соңында екіншісінің жанын да жаҺаннамға жіберіп тынған.
Қазір кісі өлтіру оқиғаларының түпкі себептері анықталуда. Қылмыскердің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар