Алматы облыстық ТЖД ресми мәліметі бойынша, Көктал ауылында 11 үйді, 46 ауланы, ал Әйлиеағашта 7 ауланы және 1 үйді су басқан.
Панфилов ауданының əкімі Бердəулет Ешенұлының айтуынша, қызыл су қатты жауған нөсердің салдарынан жайылған. Таулы аймақтан аққан жауын суы аулаларға кірген.
«Бұған дейін мұндай жауынды көрмедік. Бұршақтың өзі 30 минуттай жауды. Ауыл ақсақалдары өмірі болмаған жағдай деп отыр. Екі ауыл таудың етегінде орналасқан. Қазір су басқан аймақтарды тазалау, қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Халық ақырындап үйлеріне оралуда», — деді аудан əкімі. Қазір су басқан аймақтарды тазалау жұмыстары жалғасуда. ТЖД мәліметінше, үйлер мен қоражайлардың қирауы тіркелмеген.
