Алматы облысында екі жол апатынан алты адам мерт болып, бес адам жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында екі жол апатынан алты адам мерт болып, бес адам жараланды

Алматы облысында екі жол апатынан алты адам мерт болып, бес адам жараланды

Алматы облысында екі жол апатынан алты адам мерт болып, бес адам жараланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 25 Наурыз 2005
  • 364
Фото - Caravan.kz

Талдықорғанда, Алматы-Өскемен тас жолының 260-шақырымында «Мазда -626» автокөлігі мен «Газель» көлігі соғысып қалды. Апат салдарынан «Мазда» жүргізушісі мен оның бір жолаушысы , сондай-ақ, «Газельдің» бір жолаушысы жарақаттан оқиға орнында жан тәслім етті. «Газельдің» жүргізушісі мен екі жолаушы ауруханаға түсті.

Ал Еңбекшіқазақ ауданында Алматы-Көкпек-Көктал тас жолының 65-шақырымында «Ауди-100» автокөлігі «КамАЗбен» соғысты. Апат салдарынан «Ауди» автокөлігінде отырған үш жолаушы, соның ішінде жаңа туған нәресте оқиға орнында опат болды. Жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен бір жолаушы ауруханаға түсті.

Перейти к новостям спорта