Алматы облысында екі жолаушылар автобусының соғысуы салдарынан 4 адам, соның ішінде жаңа туған нәресте қаза тауып, 11 адам ауруханаға жатқызылды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында екі жолаушылар автобусының соғысуы салдарынан 4 адам, соның ішінде жаңа туған нәресте қаза тауып, 11 адам ауруханаға жатқызылды

Алматы облысында екі жолаушылар автобусының соғысуы салдарынан 4 адам, соның ішінде жаңа туған нәресте қаза тауып, 11 адам ауруханаға жатқызылды

АСТАНА. 6-шілде. Kazakhstan Today. Алматы облысында екі жолаушылар автобусының соғысуы салдарынан 4 адам, соның ішінде жаңа туған нәресте қаза тауып, 11 адам ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 6 Шiлде 2007
  • 419
Фото - Caravan.kz

Мекеме ақпаратына сәйкес, Жамбыл ауданында Алматы — Астана тас жолының 386-шы шақырымында 5-шілдеде сағат 5 -те жолаушылар тасымалдайтын «Skania» және «ВОVA» автобустары соғысты. Көліктерде 50 жолаушы болған (Қырғызстан азаматтары).

Апат салдарынан бір автобустың жүргізушісі мен үш жолаушы, соның ішінде 2007 жылы туған нәресте жарақаттан оқиға орнында қаза тауып, 11 жолаушы түрлі жарақаттармен Қарағанды облысының Приозерск қалалық ауруханасына жатқызылды. Тағы жеті жолаушы мен екінші жүргізушіге алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Оқыс оқиғаның зардаптарын жоюға «Республикалық ТҚО» МБ-ның 4 адамы, «Қазавиаспас» РМК-нің 1 тікұшағы мен 3 адамы тартылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті