Алматы облысында екі жүк поезы соғысып, бір адам жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында екі жүк поезы соғысып, бір адам жараланды

Алматы облысында екі жүк поезы соғысып, бір адам жараланды

АСТАНА. 21-қараша. Kazakhstan Today. Алматы облысында екі жүк поезы соғысып, бір адам жараланды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 21 Қараша 2006
  • 360
Фото - Caravan.kz

Мекеме ақпаратына сәйкес, дүйсенбі күні таңертең Сарыөзек темір жол станциясында поездар соғысқан. «№2222 жүк поезы жолды босатып үлгермеген №3006 поездың құйрық жағымен соғысты»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Апат салдарынан бірінші поездың тепловозы мен екінші поездың соңғы вагоны шойын жолдан шығып кетті. Соның салдарынан 35 жастағы машинист жарақаттанып, ауруханаға жатқызылды.

Кешке қарай темір жолдың бұл учаскесінде қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. «Апат темір жол қозғалысына әсер еткен жоқ», деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта