Алматы облысында ер адам қарызын бермеу үшін зейнеткерлерді өлтірген - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында ер адам қарызын бермеу үшін зейнеткерлерді өлтірген

Алматы облысында ер адам қарызын бермеу үшін зейнеткерлерді өлтірген

Алматы облысында полицейлер кісі өлімін ашты. Қылмыс жасаған күдікті  бірінші кезекшілік тәулік ішінде ұсталды.

  • 2 Желтоқсан 2015
  • 511
Фото - Caravan.kz

2015 жылғы 29 қарашада Еңбекшіқазақ ауданында Шелек ауылына жақын жерде, сондай-ақ Нұра ауылы маңында күштеп өлтіру белгілерімен 74 жастағы ер адам мен 63 жастағы әйел адамның денесі табылды.  Құқық қорғаушылар жәбірленушілер Алматыдан «Ниссан Патрол» көлігімен келгенін анықтады, көлік кейіннен жолдағы дәмханалардың бірінің жанынан табылды.  

 «Кезекшілік тәулік ішінде көрші Райымбек ауданының 44 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті ер адам  жәбірленушілерге ірі сомада ақша қарыз болған. Оны ауыр қылмыс жасауға итермелеген де осы себеп болып шықты. Қылмыс қаруы — темір арматура заттай айғақ ретінде қылмыстық іс материалына тіркелді», — деп хабарлады Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінен.

Екі зейнеткерді өлтіру фактісі бойынша тергеу Алматы облысы  ІІД тергеу басқармасының өндірісінде жалғасады. Күдікті ер адам  кісі өлтіргені үшін бұдан бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы анықталды, ол қамауға алынды.


Соңғы жаңалықтар