Алматы облысында ер азамат өз ұлын кепілдікке алды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында ер азамат өз ұлын кепілдікке алды

Алматы облысында ер азамат өз ұлын кепілдікке алды

Алматы облысында кешегі дүйсенбіде ер азамат өз ұлын кепілдікке алды, деп облыстық ішкі істер департаментінен хабарлады.

  • 2 Тамыз 2011
  • 522
Фото - Caravan.kz

ІІД баспасөз қызметінің мәліметтерінше, 1 тамызда полицияға Райымбек ауданының Кеген ауылының 30 жасар әйелі шағымданып, оның бұрынғы күйеуі ажырасқан соң, 2 жасар баласы анасымен қалуы тиіс деген сот шешімімен келіспей, оның ата-анасының үйіне пышақпен кіріп келіп, баласын кепілдікке алып отыр деп мәлімдеген.

«Оқиға орнына ҰҚКБ қызметкерлері мен ІІД бастық орынбасары келген. Ұзаққа созылған келіссөздерден соң, балаға ешқандай зақым келтірместен босатуға әкені көндірудің сәті түсті», — деді ІІД баспасөз қызметінен сейсенбі күні.

Ер азаматтың өзі болса, ешқандай қарсылықсыз құқық қорғау органдарына берілді. Қазір ол қамауда отыр және оған қарсы «адамды кепілдікке алу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», — деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар