Жарияланды: 530

Алматы облысында ерекше акция басталды

Алматы облысының Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі департаменті Балаларды қорғаудың халықаралық күніне орай,

бүгін басталған «Қазақстан, біз сенің балаларыңбыз! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» акциясына қосылып отыр. Департамент бастығы Гүлнәр Ермекбаева баспасөз мәслихатында хабарлағандай, Балаларды қорғау күні - жадыраған жаздың, балалардың демалыс айларының бастауы. Бұл атаулы мереке алғаш рет 1950 жылы әлемнің 51 елінде атап өтілген болатын. Бұл күн - балалардың ең тамаша мерекелерінің бірі ғана емес, сонымен қатар ересектердің есіне олардың балалар үшін жауапты екендігін еске салатын күн. Балалар құқығын қорғау департаментінің қызметкерлері бүгін сондай-ақ Жауғашты колониясына барып, мерекелік шаралар ұйымдастырады. Онда ата-аналары жазаларын өтеп жатқан бүлдіршіндердің балалар үйі бар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін