Алматы облысында күдіктілер зейнеткердің баласын ұрлап, $11 мың ақша бопсалаған - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында күдіктілер зейнеткердің баласын ұрлап, $11 мың ақша бопсалаған

Алматы облысында күдіктілер зейнеткердің баласын ұрлап, $11 мың ақша бопсалаған

Алматы облысы Қарасай ауданының 24 жастағы тұрғынын ұрлап кеткен рэкетирлер тобы оның зейнеткер-әкесінен $11 мың ақша талап еткен, деп хабарлады агенттікке құқық қорғау органдарындағы дереккөз.

  • 2 Маусым 2011
  • 382
Фото - Caravan.kz

Ақпаратқа сәйкес, жас жігітті өткен дүйсенбі күні Алматының Бостандық ауданында ұрлап кеткен. Жігітті сағат 22 шамасында Сәтпаев пен Байзақов көшелерінің маңында ұстап алған қаскүнемдер оны Каменка ауылына алып шыққан.

Жігітті жеке меншік BMWкөлігінің салонына қамап қойғанрэкетирлер оның әкесіне қоңырау шалып, жиналып қалған қарызын талап еткен.

Сейсенбі күні түнгі сағат 3-те жедел әрекет етуші арнайы жасақ «Атакент» көрме кешенінің аумағында Т500 мың ақшаны алып жатқан жерінен 36 және 24 жастағы екі жігітті ұстады.

Қалалық ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері рэкетирлердің достары жігітті Каменка ауылында қамауда ұстап отырғанын анықтаған. Сыбайластарының ұсталғанын білген олар қашып кеткен.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, Алматы облысының 2 тұрғыны және олардың алматылық сыбайласы бұл оқиғаға дейін полицияның назарына ілікпеген.

Соңғы жаңалықтар