Ол кеуде тұсының ауырсынуына шағымданған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
«Туыстарының айтуынша, ол соңғы төрт жылда күн сайын энергетикалық сусындар ішкен. Толық тексеруден кейін дәрігерлер науқасқа созылмалы жүрек жеткіліксіздігі диагнозын қойды. Бұл жүректің соғу функциясы бұзылып, органдар мен тіндерге оттегінің жетіспеушілігінен зардап шегетін жағдай», — деп хабарлады Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.
Қазір науқастың жағдайы өте ауыр, жансақтау бөлімінде жасанды тыныс алу аппаратында жатыр. Дәрігер энергетиктердің құрамында кофеиннің көп дозасы барын еске салды. Айтуынша, бұл жүректің ауыр проблемаларына әкелуі мүмкін, ал оның көмірқышқыл газының қантпен үйлесуі асқазан мен бауыр үшін қауіпті.
«Энергетикалық сусындарды тұтыну артериялық гипертензияға, мигреньге, жүрек ритмінің бұзылуына, асқазан-ішек жолдарының проблемаларына әкеледі. Сондай-ақ, психомоторлық қозуды, тітіркенуді, ұйқысыздықты, тахикардияны, аритмияны, қан қысымының жоғарылауын тудыруы мүмкін», — дейді кардиолог дәрігер Мұхамеджан Нұралиұлы.