Алматы облысында лай көшкін түскен жерден бір әйелдің мәйіті табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында лай көшкін түскен жерден бір әйелдің мәйіті табылды

Алматы облысында лай көшкін түскен жерден бір әйелдің мәйіті табылды

Алматы облысы Қарасай ауданындағы Үлкен Алматы сайында лай көшкін түскен жерден бір әйелдің мәйіті табылды. Бұл туралы бүгін, 18-мамырда KZ-today тілшісіне Алматы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының оперативті кезекшісі хабарлады.

  • 18 Мамыр 2004
  • 585
Фото - Caravan.kz

Құтқарушылардың болжамы бойынша, үйінді астынан табылған әйел саяжайлардың бірінде тұрған. Қазіргі жағдаймен лай көшкін түскен жерден 6 мың текше метр лай-батпақ алынды. Түскен көшкіннің жалпы көлемі 25 мың текше метрді құрайды. Құтқарушылардың пікірінше, батпақ аршу жұимыстары тағы да бір аптаға созылады.

Бұдан бұрын да хабарлағынымыздай, мамырдың 12-сінен 13-іне қараған түні Алматы облысы Қарасай ауданындағы Үлкен Алматы сайында лай көшкін түсті. Алдын-ала жорамал бойынша, лай-көшкін көлемі 3-4 мың текше метрді құраған. Оқыс оқиға салдарынан екі үй лайсаң астында қалды. Құтқарушылардың жорамалы бойынша, көшкін түскен кезде үйлердің бірінде екі адам болғанға ұқсайды.
Төтенше жағдай болған жерде Республикалық шұғыл құтқарушы отрядының құтқарушылары, Алматы облыстық және Қарасай аудандық өртке қарсы күрес қызметінің қызметкерлері жұмыс істеуде. Құтқару жұмыстарына 185 адам қатысуда. Жоғалған адамдарды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Ақырғы нәтижеге қол жеткізбейінше, іздестіру жұмыстары толастамайды дейді құтқарушылар.

Соңғы жаңалықтар