Алматы облысында мал ұрлаушылар тобы ұсталды
Жылқы ұрлауға «маманданған» қылмыстық топ өткен жылдың маусым айынан бері Алматы облысының оңтүстік өңіріндегі 5 аудан аумағында жұмыс істеп келген. |
Жылқы ұрлаушылар тобының құрамына Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының және Алматы қаласының 30-44 жастағы тұрғындары.
Ұсталған азаматтардың 32 ұрлау фактісіне қатыстылығы дәлелденді, келтірілген шығын әлі толығымен бағаланбады. Қылмыстық істе әзірше 120 жылқының ұрланғандығы туралы мәлімет бар. Тергеу барысында сондай-ақ ұрланған малды сатып алумен және оны әрі қарай сатумен айналысқан екі тұлға анықталды.
Қылмыстық істі тергеумен жедел-тергеу тобының жұмысын қадағалайтын облыстық ІІД-нің тергеушілері айналысуда.
Полицейлер қылмыстық топ мүшелерінің басқа да мал ұрлау фактілеріне қатысы барлығын дәлелдеуге ниетті.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін