Алматы облысында мекеме басшысы мен бас есепшісі сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында мекеме басшысы мен бас есепшісі сотталды

Алматы облысында мекеме басшысы мен бас есепшісі сотталды

Қапшағай қалалық сотымен Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша РММ ЛА-155/8 ДУИС мекемесінің бұрынғы басшысы

  • 23 Қазан 2015
  • 382
Фото - Caravan.kz

А.Жаңаберген және аталған мекеменің бас есепшісі  М.Тохтахуноваға қатысты қылмыстық іс қаралды.  Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметінен хабаралады.

Іс материалдарына сәйкес А. Жаңаберген ЛА-155/8 мекемесінің басшысы бола тұра, бас есепшімен бірге мекеменің ішінен дүкен үшін  алаңды жалға алған жеке кәсіпкерді тексеру-өткізу орнынан кедергісіз өткізілуі үшін және жазасын өтеп жүрген тұлғаларға тауарларды сату мақсатымен ай сайынғы төлеу ақыға мәжбүрлеген. Осылайша сыбайластар жеке кәсіпкерден 230 мың теңге көлемінде пара алған.

Сот үкімімен А.Жаңаберген және  М.Тохтахунова ҚР ҚК-нің 366-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен пара алуы) кінәлі деп танылып, басқарушы  лауазым иелену құқығынан  өмір бойына айыра отырып, мүлкі тәлкіленіп,  жалпы режимді түзеу колониясында 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар