Соттың мәліметінше, мектеп директоры А.Ж. есімді азаматшадан оны жұмысқа тұрғызу үшін 100 мың теңге көлемінде ақша алған.
"Мектеп директорына 5 000 000 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, оның мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте және мемлекеттік ұйымдарда қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылды", — делінген хабарламада.