Алматы облысында мүмкіндіктері шектеулі балалар мереке ұйымдастырды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында мүмкіндіктері шектеулі балалар мереке ұйымдастырды

Алматы облысында мүмкіндіктері шектеулі балалар мереке ұйымдастырды

Алматы облыстық оңалту орталығының мүмкіндіктері шектеулі балалары өз аналарына арнап «Әрқашан күн сөнбесін!» атты мереке ұйымдастырды.

  • 1 Маусым 2011
  • 539
Фото - Caravan.kz

Орталықтың директоры Ләззат Әбдрахманованың хабарлауынша, бұл балалар — ерекше балалар, сондықтан да мерекелік іс-шараға олар ұзақ әзірленді.

Сахнаға шығардың алдында олар қатты толқыды. Бұл шара — өз өнерлерін ортаға салған балалар үшін де, оларды мақтан еткен ата-аналар үшін де үлкен мереке болды. 9 жасар Айдана Молдахметова өзінің сүйікті әнін орындаса, Ангелина Найденова мен Қуаныш Базылбаев лезгин биін биледі, ал Илья Михнович пен Надя Бондаренко орыстың халық әнін шырқады. Кіші жастағы «Жалын» тобының бүлдіршіндері «Теңізші» және «Көңілді балапандар» билерін биледі.

«Біз осындай шаралар арқылы балаларды да, олардың ата-аналарын жақындастыра түскіміз келеді», — дейді Ләззат Әбдрахманова.