Алматы облысында ойынқұмар шетелдік өзін тонады деп жалған хабар берген - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында ойынқұмар шетелдік өзін тонады деп жалған хабар берген

Алматы облысында ойынқұмар шетелдік өзін тонады деп жалған хабар берген

27 жастағы Түркия азаматы жалған шағым жасады деген күдікке ілінді.

  • 27 Қазан 2015
  • 360
Фото - Caravan.kz

Облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, 12 қазанда ер адам Жамбыл аудандық ІІБ қарақшылық фактісі туралы шағымданып барған. Оның айтуынша, Қасымбек ауылының маңында екі белгісіз біреу оған шабуыл жасаған. Пышақпен қорқытып ақшасын, ұялы телефоны мен төлқұжатын тартып алған.  Жалпы залал 740 мың теңгеге бағаланды. 

Тергеу кезінде бұл деректің жалған екені анықталды. Шетелдік жұмыс берушінің 620 мың теңгесін төлеуден жалтару үшін қарақшылық туралы жалған мәлімдеме жасаған. Кейін белгілі болғандай, ол бұл соманы букмекерлік кеңселердің бірінде ұтылып қалған.  


Тергеу мерзімі біткенше шетелдік қамауда болады. 

Соңғы жаңалықтар